Astana Media Week қатысушылары мен қонақтары белгілі бизнес-тренер Радислав Гандапастың шеберлік сағатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Astana Media Week бағдарламасында теле-радиобағдарламаларды жасауда жетекші мамандардың, жаңалықтар редакцияларының, баспасөз қызметтерінің басшыларының және блогерлердің де шеберлік сағаттары жарияланған.
Апталықтың жаттықтыру контенті бөлігінің хедлайнері ретінде бизнес тренер, ТМД спикерлер қауымдастығының президенті Радислав Гандапас сабақ өткізді.
Танымал бизнес-тренер жеке уақытты тиімді басқару жолдарын, негативтен арылу және дұрыс режимде қалай кесте құруға болатынын айтты, хобби және басқа да әлеуметтік қолдау көрсететін алаңдар табуға кеңес берді.
Айта кетейік, белгілі жаттықтырушының шеберлік сабағы виртуалды форматта тікелей эфирде көрсетілді.