• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қыркүйек, 2021

АҚШ «Спутник V» вакцинасын салдырған шетелдіктерге елге кіруге тыйым салады

375 рет
көрсетілді

Елге тек ДДСҰ мен АҚШ билігі бекіткен вакцинаны салдырған туристер ғана кіре алады, деп жазады Egemen.kz.

«Қарашадан бастап Америка Құрама Штаттарына шетелдік туристерді кіргізудің жаңа ережесі енгізіледі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы немесе Америка билігі мақұлдамаған вакцина, оның ішінде ресейлік «Спутник V» вакцинасы да бар, салдырған шетелдік азаматтар елге кіре алмайды», деп жазады The Washington Post.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) осы уақытқа дейін Pfizer мен Moderna вакциналарын, сондай-ақ қытайлық Sinopharm және Sinovac компаниялары жасаған препараттарды мақұлдады. Соңғы екеуі Қазақстанда қолданылатын вакциналар тізімінде бар.

Қыркүйек айының басында ДДСҰ миссиясы QazVac отандық вакцинасын тіркеуге көмектесу үшін елге келетіні туралы хабарланды. Әзірге бұл препарат мақұлданған жоқ.

Қазақстандықтардың көпшілігі «Спутник V» вакцинасын салдырды. ДДСҰ Ресей зауыттарындағы өндірістік тәжірибеге байланысты вакцинаны мақұлдау процесін тоқтатты.