• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Қыркүйек, 2021

Бензин импорты азаяды - министр

111 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, шілде айында Шымкент қаласында қуаты жылына 57 мың тонна болатын бензинге арналған октан көтеретін қоспа шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Жобаның құны - 25 млрд теңге. Бүгінде зауытта 350 адам жұмыс істейді.

«Жоба бензиннің сапасын арттыруға бағытталған. Бұл бензиндегі күкірттің үлесін төмендетуге, тиісінше оның қоршаған ортаға шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, шетелдерден жеткізілетін осы өнімнің импорты төмендейді», - деді министр.