Бірінші күнгі іс-шараларға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Украинадан 23 спикер қатысты, 3998 бірегей пайдаланушы онлайн қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жалпы, «Astana Media Week-2021» аудиториясы Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Беларусь, Ирландия, БАӘ, Франция, Испания, Грузия, Чехия, Эстония елдерінің көрермендерін біріктірді.
«Медианы дамыту стратегиялары» (1698 бірегей пайдаланушы), «Деректі кино: тәжірибе және перспективалар» (1356 адам), сондай-ақ «Өзекті әлеуметтік тақырыптарды жария ету ерекшеліктері» (1069 адам) дөңгелек үстелдері, сондай-ақ Брент Хаффманның «Халықаралық деректі фильмдер өндірісі» (1465 адам) шеберлік сабағы көрермендерді қызықтырды.
Барлық іс-шаралар аралас форматта өтті және тікелей эфир режимінде медиааптаның astanamediaweek.kz ресми сайтында көрсетілді.