• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қыркүйек, 2021

Анна Данилина алғашқы айналымнан аса алмады

143 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінің екінші күні Қазақстанның теннисшілері арасынан алғашқы болып кортқа Анна Данилина шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік рейтингте 287-орында тұрған 25 жастағы Анна Данилина тым мықты қарсыласқа тап болды. Франциялық Кристина Младенович кезінде АҚШ-тың ашық біріншілігі мен Ролан Гарростың ширек финалында өнер көрсетті. Дәуірі жүріп тұрған кезінде WTA тізімінде 10-орынға дейін көтерілді. Қазіргі кезде ол 62-сатыға жайғасты. Әйгілі спортшыға Данилина әжептәуір қарсылық көрсетті. Десек те 2 сағат 53 минутке созылған сайыс 6:4, 6:7, 6:4 есебімен Младеновичтің пайдасынан шешілді.