Чили мектептерінде 6 мен 11 жас аралығындағы оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады, деп жазады Egemen.kz.
«Хабар 24» арнасының жазуынша, вакцина балаларға ата-анасының рұқсатымен, ерікті түрде салынады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлаған.
Шараға қытайлық Sinovac препараты таңдалған.
Айта кетейік, елде 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 84 проценті індетке қарсы дәріні қабылдап үлгерген. Ал өткен айда 55 жастан асқан тұрғындарға 3-дозаны салу басталды.
«Көптен бері жоспарлаған іс-шараны қолға алдық. 6 мен 11 жас аралығындағы балалар екпе қабылдай алады. Вакцина салдыру – ерікті. Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді», деді Чили Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Паула Даза.