• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қыркүйек, 2021

Жерлестеріміз Ирак құрамасын ойсырата ұтты

155 рет
көрсетілді

Катардың астанасы – Дохада үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Командалық жарысты Қазақстанның ерлері сәтті бастады. Құрамында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ирисбек Артукметов сынды сайыпқырандары бар жерлестерміз Ирактың ойыншыларын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Енді олар Иордания және Мальдив аралдарымен кездеседі.

Еліміздің әйелдер құрамасы Бангладеш және Шри-Ланкамен шеберлік сынасады. Бұл бәсекелерде Қазақ елі намысын Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Әнел Бақыт қорғауда. 

Естеріңізге сала кетейік, топтық турнирде тек бірінші орын алған комадалар ғана келесі кезеңге өтеді. Ол жақта Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапур, Үндістан, Иран және Тайпей секілді мықты командалар бар.