Бұл туралы Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Маликова Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасына арналған конференцияда айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спикердің айтуынша, техникалық байқау (техосмотр) тетігі 2011 жылдан бері жеке секторға берілген.
«Бұған дейін оны мемлекеттік сектор жүргізсе, 2011 жылдан бастап жекеменшік компаниялар іске асырып келеді. Қазіргі уақытта кейбір авкөлік иесі тиісті құжатты ақшаға сатып алғаны туралы фактілер кездеседі. Сондықтан осы мәселелерді жауапты министрлікке, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жеткіздік. Биыл қазан айында техникалық байқауды жүргізетін жекеменшік компаниялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар нормаларға өзгеріс енгізу қарастырылмақ», деді Маликова.
Аталған компаниялар техникалық байқаудан өткен көліктерге берілген құжатқа, көліктің байқаудан лайықты деңгейде өтуіне жауап береді. Егер тексерместен жалған құжат берсе, соған сәйкес жауапкершілік қарастырылады.