• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қыркүйек, 2021

Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды

169 рет
көрсетілді

Сол­түстік Ко­рея өткен ап­та­да жа­­ңадан жа­салған дыбыстан жылдам ұшатын зы­мыранды сынақтан өткізді. Бұл тура­лы жергілікті KCNA мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Осылайша, КХДР ірі әскери державалармен бірге қару-жарақ жүйесін жетілдіру жарысына қосылды.

Солтүстік Корея сынақты шығыс жағалауы маңында жасаған. Зымыран теңізге қарай атылған көрінеді. КХДР ядролық және баллистикалық зымыран арсеналын кеңейтуге арналған бағдарламасын күшейтіп отыр. Сөйтіп, қару-жарақ жүйесін жетілдірмек. Ал оған АҚШ санкция салған болатын.

АҚШ-тың Солтүстік Корея жө­ніндегі арнайы өкілі Сун Кимнің ай­туынша, дыбыстан жылдам зымы­ранды сынақтан өткізу аймақты тұ­рақ­сыздыққа әкеліп,  өңірге қауіп төндіреді. Соған қарамастан, Ва­шингтон билігі Корея түбегін ядро­лық қарудан азат ету жөніндегі дип­ло­матиялық әрекетін жалғастыра бермек.

«Пхеньяннан жауап күтеміз. Өйт­кені, қарусыздануға қатысты көп­те­ген әрекет жасадық. Көптеген мәселе бойынша келіссөз жүргізуді ұсындық», деді ол.

Дыбыстан жылдам ұшатын зымы­ран­дардың нысанаға бағытталған траекториясына түспес бұрын ғарышқа қарай ұшатын баллистикалық зымы­рандардан айырмашылығы бар. Мұн­дай гиперсоник ракета жерге жа­қын, төмен биіктікте ұшады. Сондай-ақ жыл­дамдығы дыбыстан бес есе көп. Яғни сағатына 6200 км.

Оңтүстік Корея бірлескен әскери штабының хабарлауынша, Солтүстік Кореяның гиперсоник зымыраны әлі толыққанды жетілмеген. Бұл оның жылдамдығы мен басқа да мәлі­мет­теріне сүйене отырып жасалған.