• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қыркүйек, 2021

Қытайда электр жарығы өшті

126 рет
көрсетілді

Қытайдың солтүстік-шығысында электр энергиясы сөніп, миллиондаған үй қараңғылық құшағында қалды. Зауыттардың жұмысы тоқтады. Global Times газетінің хабарлауынша, Цзилинь, Ляонин және Хэйлунцзян провинцияларында электр энергиясын беру күтпеген жерден үзілген.

Жарықтың сөнуі көмір тапшылығына байланысты болған. Оның үстіне, жергілікті билік ешкімге ескерту жасамаған. Кейбір жерде бағдаршам жанбай, ұялы телефон жүйесі де істен шыққан.

Цзилиньдегі коммуналдық кәсіпорынның хабарлауынша, электр қуатының жетіспеуі кез келген уақытта су беруге кедергі келтіруі мүмкін. CCTV мемлекеттік телеарнасы Ляонин қаласындағы фабрикада жарық сөнгеннен кейін жұмысшылар көмірқышқыл газынан уланып, 23 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Электр энергиясының жетіспеуі елдегі өнеркәсіптік өндіріске әсер етіп, зауыттардың жұмысын тоқтатып тастады. Олардың қатарында Apple мен Tesla секілді әйгілі компаниялар да бар.