• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 30 Қыркүйек, 2021

30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

327 рет
көрсетілді

Синоптиктер 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың тек батысына және оңтүстік-батысына  солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде және орталығында тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауыл соғады,  15-20 м/с жел күшейеді, таңертең және күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарда найзағай бақыланады.

Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болып, түнде және таңертең шығысында тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.