Finprom.kz хабарлауынша, Twitter Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желіге айналды. Желінің нарықтағы үлесі бір жыл ішінде 6%-дан 17%-ға дейін өскен.
Statcounter Global Stats мәліметтері бойынша 2021 жылдың тамызында Facebook әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі атанған. Оның үлесі 73,27% құрайды. Twitter (8,91%), Pinterest (7,22%), YouTube (4,72%) және Instagram (3,41%) сияқты әлеуметтік желілер артта қалды.
Қазақстанда Facebook 14,85% үлесімен танымалдығы бойынша үшінші орында тұр. Twitter (16,56%) мен YouTube (16,07%) көш басында.
Инстаграм төртінші орында (13,92%), одан кейін ВК (13,7%) және Pinterest (13,52%) бар.
Әлеуметтік желілердің танымалдығы адамдар қандай құрылғы арқылы кіретініне байланысты өзгереді.