• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді

237 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінң хабарлауынша, Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде бірнеше санат бар. Олар: бірінші санат – басшылар және олардың орынбасарлары (663), екінші санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары (3 279). Үшінші  санат – мамандар (7 754) және төртіншісі – білікті жұмысшылар (651) санатына жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 914 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 853 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 790 жұмыс берушіде шетелдік қызметкер бар. Оларда шамамен 494 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Қазақстанға көбінесе Қытайдан (3 837 адам), Түркиядан (1 965 адам), Өзбекстаннан (1 949 адам), Үндістаннан (1 024 адам), Ұлыбританиядан (949 адам) еңбек мигранттары келеді.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.