• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қыркүйек, 2021

«Талибан» Тәжікстанды демократия жеткіліксіз деп сынады

141 рет
көрсетілді

«Талибан» террористік ұйымының өкілі Инамулла Самангани Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды елде демократия жеткіліксіз деп сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Самангани Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Ол 27 жыл президент, енді тағы алты жыл болады, содан кейін де қызметінде қалуы мүмкін. Оның елінде сайлауға дейін бес партия жіберіледі, олардың барлығы үкіметшіл, және осы құрметті адам Ауғанстанда сайлау өткізу туралы кеңес береді екен», делінген хабарламада.

Тәжікстан бұл мәлімдемеге әлі ресми жауап бермеді.