• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2021

Жастар саясаты саласындағы кадрларды кәсіби дамыту жобасы басталды

265 рет
көрсетілді

Бүгін жастар саясаты саласындағы республикалық және өңірлік басқару кадрларын кәсіби қолдау мақсатында «Кәсіби даму академиясы» жобасы бастау алды, деп жазады Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Омаров жас кадрларды қолдау үшін кәсіби алаңдардың маңыздылығын атап өтті. «Адами капиталды дамытуға инвестициялар - бұл ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралдарының бірі», деді А.Омаров.   Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасының 10 күні ішінде коуч-сессиялар, оқытушы сағаттары және тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Олардың барлығы жастармен жұмыс істеуде кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған.   Іс-шараға жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, басшы ретіндегі тәжірибесі бар өңірлік мемлекеттік қызметшілер қатысты. Бірінші күні Қазақстандағы Халықаралық бизнес-тренерлер мектебінің өкілі Людмила Серекбаева қатысушыларға қазіргі заманғы көшбасшылардың қалыптасуы мен қажетті дағдылары, сондай-ақ команданы басқарудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.   «Кәсіби даму академиясы» жобасы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты және «Nur Otan» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебі арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижесі болды.   Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды, соның ішінде «Ashyq» бағдарламасын қолдану жағдайында өтті.