• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Қыркүйек, 2021

Жанармай бекеттері тексеріледі

454 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, дизотын тапшылығына жол берілмеуі тиіс.

«Биыл 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу басталады. Осы уақытқа дейін отынның жеткілікті көлемі жиналды. Алайда тамыз айында 519 мың тонна, қыркүйекте 500 мың тоннадан астам дизель отынын тұтынғандықтан қор деңгейі жеткіліксіз болып қалды. Соған байланысты министрлік ірі тұтынушыларға, сондай-ақ автожанармай құю станциясы желілеріне дизотынның жеткіліксіз деңгейін импорттауды ұсынды», деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар зауыттардағы жөнелту жоспарға сай іске асырылып жатқан көрінеді.

«Жергілікті атқарушы органдарға – әкімдіктерге жанармай құю стансалары мен мұнай базаларын тексерулерін сұраймын. Себебі кейбіреулер солярканы сатпай ұстап тұрып, кейін үстінен көбірек пайда тапқысы келуі мүмкін. Энергетика министрлігі еліміз дизотынсыз қалмауы үшін бәрін жасайды», деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.