• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Театр 01 Қазан, 2021

Үздік туындыларын тарту етеді

302 рет
көрсетілді

Алдағы 8, 9 және 10 қазан күндері «Астана Опера» сах­насында Қарағанды акаде­миялық музыкалық комедия театры елордалықтарға И.Кальманның «Сильва», И.Штраустың «Вальс ко­ролі» опе­ретталары мен А.Кол­­кер­дің «Труффаль­ди­но» мюзиклін ұсынады.

«Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахме­дья­ров­тің айтуынша, аталған теат­р өнер сапарының шымылдығын бел­гілі режиссер, РФ Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров сахналаған И.Каль­манның әлемге әйгілі «Сильва» спек­таклімен ашады.

Сонымен қатар Қарағанды акаде­миялық музыкалық комедия театры, әсіресе, жеткін­шек­терге бағалы сый ретінде Ә.Әбді­нұровтың қазақ аңызда­ры­ның желісімен жазылған «Киелі Самұрық құс» ертегісі мен «Кіш­кентай Мук» қойылымын тарту етеді.

Бүгінге дейін кеншілер қала­сындағы өнер ордасының репертуарында 280-нен астам қойылым бар, оның ішінде әлемдік классикалық опера жауһарлары мен заманауи спектакльдерді ай­туға болады.

 «Астана Операның» IX маусымы басталғаннан бері елордаға бұған дейін Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік ака­демиялық опера және балет театры мен Шым­кент қалалық опера және балет театры гастрольдік сапармен келіп, жұртшылықты қуантса, енді Қа­рағанды академиялық музыкалық комедия театрының үздік туындыларын тамашалауға мүмкіндік туып отыр.