• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қазан, 2021

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына қарулы күштерін тарта бастады

855 рет
көрсетілді

Тәжікстан мен Ауғанстан қарулы күштерін шекараға тарта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Атап айтқанда, Тәжікстанмен шекаралас Тахар шекарасына арнайы бөлімшелердің ондаған мың сарбаздары тартылғаны айтылды. Департамент Душанбе мен Кабулға жағдайды реттеудің бейбіт жолын табуға шақырды.

«Екі ел басшыларының өзара қатаң мәлімдемелері аясында тәжік-ауған қатынастарындағы шиеленістің артқанын алаңдаушылықпен көріп отырмыз. Екі тарап қарулы күштерін ортақ шекарада орналастырғандығы туралы хабар пайда болды. Тәліптердің айтуынша, Ауғанстанның шекаралас Солтүстік Тахар провинциясында ондаған мың арнайы Қарулы күштердің бөлімшелері орналастырылған», деді Ресей СІМ ресми өкілі Алексей Зайцев.

Зайцев Кабул мен Душанбе бір-біріне қарсы мәлімдемелер жасап жатқанын мәлімдеді. Мысалы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон «Талибан» үкіметін танудан бас тартып (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша бұл қозғалыс Қазақстанда тыйым салынған), оларды адам құқығын бұзды деп айыптады. Ал «Талибан» басшылығы Тәжікстанның Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауын талап етті.