• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қазан, 2021

Пакьяо ресми түрде президенттікке ұсынылды

285 рет
көрсетілді

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо ресми түрде Филиппин президентіне үміткерлігін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Эммануэль Дапидран Пакьяо (Мэнни Пакьяо) сайлау органына үміткерлігін ұсыну туралы куәлік тапсырған. Сайлауға спортшы биліктегі «Филиппин демократиялық партиясы - Халықтық билік» (PDP-Laban) атынан қатысады.

«Менің басты міндетім - экономиканы қалпына келтіру үшін пандемиямен күресу», деді ол.

Тіркеу ғимаратына барар жолда Пакьяоны жол шетінде ондаған жақтасы қарсы алғаны айтылады.

Пакьяо президенттікке үміткерлер арасында төртінші орында екенін көрсетіп, «кедейлердің дауысы естілмегенін» айтты.

2016 жылдан бері бокстан бұрынғы әлем чемпионы елдің сенаторы қызметін атқарған. Филиппин президентіне сайлау 2022 жылы 9 мамырда өтеді.

Бұған дейін Мэнни Пакьяо кәсіби карьерасын аяқтағаны туралы хабарлаған болатын. Филиппиндік боксшының ел президенті сайлауына түсетіні белгілі болды.