• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 01 Қазан, 2021

Ақтөбеде комитет директоры ұсталды

494 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК облыстық филиалының директоры мен осы филиалдың басқа да қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Аталған филиалдың лауазымды тұлғалары аудандық ветеринарлық зертханаларды жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою үшін мердігер ұйымның директорынан жалпы сомасы 1 млн 800 мың теңгеден астам жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді», деп жазылған хабарламада.

Күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.