• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 01 Қазан, 2021

Елордада жалған мониторингтік топ ұсталды

220 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының жалдамалы қызметкерін әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.

Ол өзін мониторингтік топтың мүшесі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарының иесі мен әкімшісін алдаған. Ойын-сауық орнының өкілдері ай сайын күдіктіге  қамқорлығы үшін және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқаны үшін ақшалай қаражат төлеген.

«Іске лауазымды тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріледі», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Қазір сот күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданған.