• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қазан, 2021

Алексей Цой БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы аясында сөз сөйледі

219 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры доктор Тедрос Гебрейюсус Адханомның, Денсаулық сақтау министрлерінің және кәсіби қоғамдастықтың қатысуымен БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында денсаулықты жалпы қамту бойынша жоғары деңгейдегі кездесуге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Қазақстанның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге және МСАК жөніндегі Алматы және Астана декларацияларын жаһандық ауқымда ілгерілетуге бейілділігі тағы да расталды.

Өз сөзінде А.Цой ұйымдастырушыларға, соның ішінде Грузия, Жапония, Таиланд, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ДСҚЖҚ-2030 қозғалысын ұйымдастырғаны және Қазақстанды ко-демеуші ретінде шақырғаны үшін алғысын білдірді. Министр атап өткендей, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қолдау және оған қол жеткізу міндеттемесі 2030 жылға қарай COVID-19 пандемиясы кезінде барған сайын күрделі және маңызды міндетке айналуда. ДСҚЖҚ-ның негізінде барлық халық қандай да бір қаржылық қиындықтарсыз мұқтаж болатын сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізе алуы тиіс деген қағидат жатыр.

Астана қаласының МСАК жөніндегі Декларациясында көрсетілгендей, алғашқы медициналық-санитариялық көмек «Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету және денсаулыққа байланысты орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тұрақты Денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы» болып табылады. Бұдан басқа, МСАК гуманитарлық қағидаттарға сәйкес күтімнің үздіксіздігін және негізгі медициналық қызметтер ұсынуды қамтамасыз ете отырып, төтенше жағдайларда ДСҚЖҚ -ның тірегі болып табылады. Тиісінше, COVID-19 пандемиясы МСАК-тың өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті, пандемияға ден қоюдың негізгі шараларының бірі болып қала береді және сонымен бірге халықтың негізгі медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бесігі болып табылады, онда ДДҰ-ға мүше мемлекеттер 1978 жылғы Тарихи Алматы декларациясын да, оның мирасқорын да, 2018 жылы МСАК жөніндегі Астана декларациясын да қабылдады. Бұдан басқа, елдер МСАК-тың жедел негізін қабылдады, ол оларға ұлттық деңгейде МСАК-ты күшейту үшін 14 тетік береді»,  деді А.Цой.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында Қазақстанда орналасқан ДДҰ-ның МСАК жөніндегі Еуропалық орталығы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы озық тәжірибені әзірлеу және беру жаһандық деңгейдегі орталығы болуға тиіс екенін атап өтті. Сөз соңында А. Цой барлығына нәтижелі пікірталас тіледі.