Халықаралық іздеуде жүрген Қытай азаматы Бішкекте ұсталды. Бұл туралы Первомай ауданының ІІБ мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, қытайлық ер адам Қазақстанда қылмыс жасап, артынша Бішкекке келген. ҚҰ ҰҚК қызметкерлері 42 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша халықаралық іздеу жариялаған.
Іс материалдары Бас прокуратураға ұсталған ер адамды экстрадициялауды ұйымдастыру үшін жіберілді. ҚХР азаматы әзірге Бішкектегі ІІББ уақытша ұстау изоляторында.