• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қазан, 2021

«Талибан» қозғалысы соғыстағы жеңісіне орай митинг өткізді

162 рет
көрсетілді

Бүгін Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысының жақтастары Кабулда жаңа үкіметті қолдау мақсатында жаппай митинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Geo TV арнасы мәлімдеді.

Митингке ауған халқының дәстүрлі киімін киген ер адамдар ғана қатысты. Жалпы жиналған жұрттың саны 1500-ге жуық.

Ауғанстанның уақытша үкіметі Дін істері министрінің орынбасары Муслим Хаккани өз сөзінде «шетелдік әскерді елден шығарған исламдық қозғалыстың тарихи жеңісін» жоғары бағалады.

«Бұл - біз күткен күн. Өз мақсатымызға жеттік. Бірақ енді барымызды қорғауымыз керек. Еліміздің болашағы жарқын», деді босқындар жөніндегі министр Халил Хаккани.

Шара барысында «шетелдіктермен ұзақ мерзімді соғыста қаза тапқан» тәліптерге құрмет көрсетілді.

Х.Хакканидің айтуынша, «Талибан» қозғалысы өз билігін жеті апта ішінде нығайтып, халық қолдайтын әкімшілік құрды».

Бұған дейін тәліптердің уақытша үкіметіне қарсы наразылық акциялары жиі ұйымдастырылған болатын. Олардың көпшілігіне әйелдер қатысқан.

Алайда рұқсат етілмеген шерулерге тыйым салынғаннан кейін митинг өткізетіндер күрт тыйылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ешбір мемлекет Талибан үкіметін әлі мойындаған жоқ.