«Биыл 1 қазанда Алматы мен Нұр-Сұлтанда қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, тінту жүргізілді, заттай айғақтар алынды», деді Нұрділдә Ораз.
Криминалдық полиция қызметкерлері екі қалада эротикалық массаж салондарының атын жамылып жезөкшелікпен айналысатын топты анықтаған. Оның ұйымдастырушылары - Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары.
«Қылмыскерлер «OLX», «SATU», «Telegram әлеуметтік желілерінде жарнама жариялап, қыздарды жалақысы жоғары жұмысқа орналасуға шақырған. Содан кейін оларды жезөкшелікке тартқан. Притон коттедждерде ұйымдастырылды және тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істеген», деді Нұрділдә Ораз.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, күнделікті табыс топ ұйымдастырушысына аударылып отырған. Ол айына 10-12 миллион теңгені құрады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда бір апта ішінде 2877 қылмыс жасалды, оның 1847-сі бір күннің ішінде ашылған.
«Бір апта ішінде Қазақстанда 2877 қылмыс жасалды, оның 1847-сі 24 сағат ішінде ашылды. Полиция іздестіру кезінде жеті кісі өлтіру, өлімге әкеп соққан екі қасақана ауыр дене жарақаты, екі тонау, 35 қарақшылық, 412 ұрлықты ашты», деді ресми өкіл.