• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қазан, 2021

Чемпион әлі белгісіз

174 рет
көрсетілді

Демалыс күндері футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур ойындары өтті. Алматыдағы Ор­талық стадионда жер­гілік­ті «Қайрат» Орал­дың «Ақ­жайығын» қабыл­дады.

Чемпиондық тәж үшін тартыста «Астана» мен «Тобылдан» қалай да қалмауды мақсат тұтқан алматылықтар бұл бәсекеде барын салды. 17-минутта Жоао Пауло есеп ашса, 30-минутта Не­бойша Косович мергендік танытты. Одан кейін де «Қай­раттың» ойын­шылары жиі-жиі шабуылдар ұйымдастырып, қонақтарды әбден састырды. 62-минутта Артур Шушеначев үшінші гол­дың авторы атанды. Тек бә­се­кенің аяқ­талуына санаулы минут қалғанда «Ақжайық» есеп айыр­машылығын қысқартты – 3:1. Қазіргі кезде «Қайрат» 44 ұпаймен үшінші орынды иеленуде.

Көш басындағы «Астана» Талдықорғанда «Жетісуды» жең­се, елордалық клубты өк­шелеп келе жатқан «Тобыл» Қос­та­най­да «Ордабасын» ұтты. Бұл кездесулердің екеуін­де де 3:1 есебі тіркелді. Нұр-Сұл­­танның футболшылары 53 ұпайды қор­жынға салса, қос­танайлықтардың олардан бір ұпайы кем. Өзге ойындар мынадай нәтижемен аяқталды: «Қайсар» – «Ақтөбе» – 0:2, «Тұран» – «Шахтер» – 0:0, «Тараз» – «Атырау» – 2:2 және «Кас­пий» – Қызылжар – 1:2.