• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2021

Ақтау әуежайында жаңа терминал салынады

313 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша Жылы жағажай ауданында туристік кешен мен сауда қатарлары, келушілерге арналған орталығы бар этноауыл, 9 қонақүй, демалыс аймақтары, сауықтыру кешендері, Ақтау қаласының әуежайында жаңа терминал салынады. Сонымен қатар қорық портындағы Сағатов функционалды теңіз терминалын жаңғырту жоспарланған.

«Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламаларының құралы белсенді қолданылады. Сондай-ақ, Ақтау қаласы мен Мұнайлы қаласында екі көтерме тарату орталығы салынады. Өнеркәсіптік кешен саласында 25 инвестициялық жоба іске асырылады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне кердит беру және ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен техникалық жабдық сатып алуға лизинг рәсімдеу кезінде сыйақы мөлшерлемелері субсидияланады», деді Ұлттық экономика министрі.