• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2021

Ақтаулық жүргізушілер наразылық білдіруде

254 рет
көрсетілді

Ақтауда сұйытылған мұнай газының литрі 70 теңгеге көтерілді. Ал қала тұрғындары газ бағасының қымбаттауына наразы, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Кейбір жанармай құю бекетінде баға бірдей, яғни бір литрі – 65 теңге болса, ал кейбірінде литрі 70 теңгеге дейін қымбаттаған.«Ақтаудағы жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газға бірыңғай тариф жоқ. Кәсіпкерлердің өзі бағаны реттейді, олар оны төмендетіп, көтере алады. Егер кәсіпкерлер бағаны бірден көтергені және баға келісімін жасағаны дәлелденсе, онда бұл жағдайда оларға айыппұл салынады», деп мәлімдеді департамент өкілдері.