• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 06 Қазан, 2021

Facebook пен Instagram қоғамға қауіпті – компанияның қызметкері

365 рет
көрсетілді

Кеше ғана фейсбукке тиесілі әлеуметтік желілердің істен шыққаны сол еді, бүгін алып компанияның цифрлық және контент саясатына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фейсбуктың бұрынғы қызметкері Френсис Хоганның айтуынша, компанияның басты мақсаты – желі қолданушыларының қауіпсіздігі емес, қаржылық пайда табу ғана. Сенат тыңдауына қатысқан ол фейсбукқа тиесілі инстаграм әлеуметтік желісінің жас қолданушыларға, әсіресе бойжеткендерге кесірі туралы мәлімдеп, реформа жасауға шақырды. Сонымен қатар оның айтуынша, фейсбук платформасында денсаулық сақтауға қатысты жалған ақпараттың тарауы – компания өнімдерін өткізудің құйтырқы жолы. Әрі осал топтарға манипуляция жүргізу де кеңінен қолданылып келген-мыс. Осы орайда сенаторлар Цукербергтің өзі алдағы уақытта Конгресс алдында жауап беруге тиіс деп отыр.

«Менің бұл жерге келіп, куәлік етуімнің басты себебі – фейсбук біздің қоғам үшін қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру. Ең алдымен біздің балаларымыз бен демократиямыз үшін қауіпті. Бұл компанияның күші шектен шығып барады. Қазіргі кезде фейсбук темекі сияқты деңгейге жетті. Жас балалар өз-өзін ұстай алмай отыр. Инстаграмнан бас алмайды. Ал ол желіге кірген адам үлкен манипуляцияға ұшырайды. Тіпті фейсбуктың салдарынан ажырасып жатқан отбасылар бар. Сонымен қатар фейсбуктың жүргізіп отырған саясаты – Эфиопия сияқты елдерде этникалық зорлық-зомбылықты тудыруда», дейді фейсбуктың бұрынғы жоба менеджері Френсис Хоган.