• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Қазан, 2021

Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы қаулыны қабылдады

152 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралғанын хабарлайды Egemen.kz.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, аталған заң жобасы адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен оның өңірдегі өкілінің мәртебесін, лауазымға сайлау және босату тәртібі, қызмет қағидаттары мен кепілдіктерін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ өкілеттіліктерін реттейтін негізгі ережелерін айқындау арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Жиын барысында депуттардың дауыс беруімен аталған қаулы қабылданды.