• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2021

Алаяқтыққа барған мектеп директоры ұсталды

254 рет
көрсетілді

Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық Полиция департаментінде анықталғандай, Май ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны микрокредиттік ұйымнан қоңырау шалып, 1 млн теңге несие бойынша қарызын төлеуді талап ете бастады.

Ол алаяқтықтың құрбаны болғанын біліп, дереу полицияға жеткізді. Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

«Май ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол сол аудандағы мектептердің бірінің директоры болып шықты», деп толықтырды облыстық ПД баспасөз қызметі.