• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қазан, 2021

Әзербайжан мен Армения арасы жақсара бастады

286 рет
көрсетілді

Әзербайжандық авиакомпаниялар Арменияның әуе кеңістігін Бакуден Нахичеванға жолаушылар рейстерін жүзеге асыру үшін қолдана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Әзербайжан әуе тасымалдаушысының жарияланған хабарламасында айтылған.

«Әзербайжан әуе компаниясы Баку-Нахчыван ішкі рейсін орындау кезінде Армения аумағы үстіндегі әуе кеңістігін пайдалана бастады. Бұл қадам Әзербайжанның өңірдегі көлік коммуникацияларының құлпын ашуға батыл дайындығын көрсетеді, бұл барлық шекара маңы елдерінің мүдделеріне сай келеді», делінген хабарламада.