• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Қазан, 2021

Министр жанармай бағасын реттей алмайтынын айтты

304 рет
көрсетілді

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «KIOGE-2021» халықаралық мұнай және газ көрмесінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда дизель отынын тұтыну көлемі бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жеткен. Биыл тамыз-қыркүйек айларында шамамен 520-540 мың тонна дизель отыны пайдаланылған.

«Дизель отыны және басқа да жанар-жағармай түрлерінің бағасы реттелмейді. Бағаны сұраныс пен ұсынысқа сүйене отырып нарық реттейді. Сондықтан да біздің министрліктің бағаны белгілеуге еш қатысы жоқ. Бүгінде мұнай бағасының өскені байқалады. Бір-екі күннің ішінде баррелі 78 доллардан 82 долларға дейін өсті. Әрине, мұнай бағасының өзгеруі жанар-жағармайдың бағасына әсер етеді», деді министр.