• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 06 Қазан, 2021

Киік атуға салынған мораторий ұзартылды

493 рет
көрсетілді

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев киік ату мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта киік атуға тыйым салынған. Тиісті мораторий ұзартылды. Соңғы жылдары қабылданған шараның арқасында киіктердің саны артты. Батыс Қазақстан облысындағы киік саны 545 мыңға жетті», деді Данияр Тұрғамбаев.

Қазіргі таңда мемлекеттік табиғи қорықты жеделдету және құру, киіктердің Орал популяциясының бір бөлігінің ықтимал қозғалысы мәселесін зерттеу, сондай-ақ жайылымдарды суару үшін жер асты суларын іздеуді ұйымдастыру шаралары қолға алынған.

Қазақстанда киіктердің саны 842 мың басқа жеткен.