• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2021

Павлодардағы жол апаты: балалардың жағдайы белгілі болды

270 рет
көрсетілді

Дәрігерлер Павлодарда орын алған жол апатынан зардап шеккен оқушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш бала травматология бөлімінде жатыр.

«2011 жылы туған баланың бет сүйегінің сынуы, ап 2006 жылы туған қыздың жабық бас сүйек-ми жарақаты бар. 2007 жылы туған тағы бір зардап шегушінің мұрны сынған. 6 бала ауруханаға жатқызуды қажет етпеді, амбулаторлық бақылау деңгейіне жіберілді», деп нақтылады ведомстводан.

Барлық қажетті емдік және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде.

6 қазан күні сағат 14:15-те Павлодарда Елгин және Щедрин көшелерінің қиылысында КАМАЗ маркалы өрт сөндіру автокөлігінің «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусымен соқтығысуы орын алды.