• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 07 Қазан, 2021

Жеке инвесторлар жоғары деңгейге жеткізбек

200 рет
көрсетілді

Алматыда биыл бірінші рет қалалық білім басқармасы 2020 жылы үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік мектептердің рейтингісін жасады. Бағалау барысында мектептердегі үздік және екпінді оқушылардың саны мен оқушылардың олимпиадаларға қатысуы да ескерілген. Алматының ең жаңа ауданы – Наурызбай ауданының мектептері қаланың 5 үздік білім беру мекемесінің қатарына қосылды.

Қалалық рейтингте бірінші орынға 97,74% нәтижемен 32 мектебі бар Әуезов ауданы ор­нықты. Екінші орында Алмалы ауданы – 90,31%, мұнда 29 мектеп жұмыс істейді. Түрксіб ауданы 87,26% көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеп отыр. Қалаға кейін қосылған Наурызбай ауданы мектептердің қалалық рейтингінде төртінші орынды иеленді. Қазіргі кезде ауданның 9 мектебінде 16 мыңға жуық бала оқиды, әрбір үшінші бала үздіктер қатарында, оқу­шы­лардың 40%-дан астамы – оқу екпінділері, ал 2020 жылғы олимпиадаға 340 оқушы қатыс­ты. Сол сияқты жыл сайын қазақ мектептері оқу үдерісіне жаңа­шылдық енгізе отырып, көшбасшылық орындар үшін жарысқа түсіп отыр.

2021 оқу жылында Премьер-Министр Асқар Мамин BINOM School, яғни қазақстандық білім беру үдерісіне озық әдістер­ді ен­гізу­дің жаңа брендін ұсын­ған бо­латын. Мұндай формат­тағы мек­тептер әзірге елордада ғана ашы­лып жатыр. Өз кезе­гінде, ал­ма­тылық мектептер де жаңа­шыл­­дыққа ұмты­ла­ды. Мы­салы, мұ­ға­лім­дер күні қар­саңында Нау­рыз­бай ауданының №174 мектеп-гим­назиясында роботтехника сыны­бы ашылды. Қазіргі таңда бұл мек­теп қала мектептерінің рей­тин­гі­сінде 59-орында тұр. Осы №174 гимназиясын 2017 жы­лы «Сәби» қайырымдылық қо­ры са­лып, пайдалануға берген болатын (құрылтайшы­лары – инвестор Кеңес Рақышев пен эколог Әсел Тасмағамбетова). Бұл осы уақытқа дейін жеке қаражат есе­бі­нен осындай масштабтағы (12 мың шаршы метр, 1 200 оқу­шы, 3 гек­тар аумақ) нысанның сал­ы­­нып, қалаға тегін сыйға тар­­тыл­ған бірден-бір мысалы. «Сәби» қоры роботтехника саба­­ғын ұйымдастыруға кеткен шығын­дарды да өз мойнына алды.

Мамандандырылған кеңседе күрделі жөндеу жүргізілді, 16 заманауи ноутбук, екі 3D принтер, 3D сканер, интерактивті панель және басқа да инновациялық құ­рылғылар орнатылды. Жоба­ның жалпы құны 10,6 млн теңгеден асты.

«Біз бұл мектепті Алматы қаласының әкімдігіне тапсыр­ғаннан кейін де білім беру меке­месіне қолдау көрсетуді жал­­ғастырып жатырмыз. Жүйе­лі түрде жоғары сынып оқу­шылары үшін кәсіби тестілеу өткіземіз. Түлектерді жоғары оқу орындарына түсуге дайын­даймыз және білім гранттарын алуға мүмкіндік бере­міз, шет тілдерін, математика мен бағдарламалауды терең­де­тіп оқыту курстарын ұйым­дас­тырып жүрміз. Мақсат – мек­теп әкімшілігімен бірлесе оты­рып, осы жобалар арқылы №174 гим­назияны Алматы қала­сы­ның үздік мектептерінің рей­тингіне шығару. Біз жаңа роботтех­ни­ка сыныбын ашқаннан кейін, оқу­шылардың жоғары нәтиже­лерге жетуге қосымша ынталандыру болады деп үміттенеміз», дейді «Сәби» қорының негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова.