• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қазан, 2021

Қырғызстан коронавирустың төртінші толқынына дайындалып жатыр

145 рет
көрсетілді

Елде COVID-19 жұқтырғандар саны арта бастаған, деп жазады Egemen.kz.

«Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің зертханалық зерттеулер орталығының меңгерушісі Айгүл Жұмақанова айтты», деп хабарлайды «Кабар» агенттігі.

Жұмақанованың айтуынша, Қырғызстанда жыл сайын қараша-желтоқсан айларында тұмау мен ЖРВИ жұқтыратындар саны артады.

«Бұл коронавирус инфекциясының төртінші толқынына сәйкес келуі мүмкін деген болжам бар. Мен азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тартуға шақырамын», деді ол.

Спикер тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.