• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қазан, 2021

Шерзод Давлатов әлем чемпионатында қола медаль иеленді

463 рет
көрсетілді

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің алғашқы жүлделері сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.

Алғашқы күні Қазақ елі намысын бес балуан қорғады. Өкінішке қарай, Мерей Мархамбетов (60 кило), Әділ Марлен мен Нұрсұлтан Зайзағалиевтің (66 кило) және Құндыз Жылқыбай (52 кило) жарты жолға жетпей сүрінді. Есесіне Шерзод Давлатовтың қанжығасы майланды. Аса жеңіл салмақта белдескен ол ширек финалға дейін шашасына шаң жұқтырмаса, сол межеде грузиялық Георгий Сардалашвилиге есе жіберді. Жұбаныш бәсекесінде ресейлік Абу-Муслим Парчиевті жеңген жерлесіміз көп ұзамай өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровтан басым түсті. Осылайша, Шерзод әлем біріншілігінің қола медалін мойнына ілді.

Бүгін ұлдар арасында 73 кило және қыздардың 57 және 63 кило салмақ дәрежелеріндегі бәсекелер өтіп, Данияр Шамшаев пен Естай Серікбол және Толғанай Әбеуова мен Ханзада Қайратова татамиге шығады.