Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост провинциясының ауылдарының бірінде медреседе болған жарылыстан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Талибан үкіметі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хости бейсенбі күні кешке Дирей ауылында діни оқу орнында жарылыс болғанын айтты.
Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір топ мойнына алған жоқ.