• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қазан, 2021

Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолы ақылы болады

264 рет
көрсетілді

1 қарашадан бастап Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолы ақылы болады, деп жазады Egemen.kz.

Қазір аталған тас жолда жаңа жүйе сынақтан өткізіліп жатыр.

Жол бойына шлагбаум кедергілері қойылмайды. Көлік қозғалысын бәсеңдетпеу үшін олар арнайы арка орнатылған. Көлік жүргізу кезінде төлем жүргізушінің шотынан автоматты түрде алынып отырады.

Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолы арқылы күніне жеті мың көлік өтеді. Олардың көпшілігі транзиттік ауыр жүк көліктері.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, барлық түскен қаражат болашақта жолды күтіп ұстауға жұмсалады. Әзірге бұған республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр.