• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қазан, 2021

Сингапурда қоғамдық тәртіпті робот бақылайды

557 рет
көрсетілді

Сингапурда робот-полицей іске қосылды. «Хавьер» есімді құлтемір, қала көшелері мен ғимараттарындағы тәртіптің сақталуын қадағалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инновациялық құралды елдің Ғылым және технология агенттігі жасап шығарған. Төрт дөңгелекпен қозғалатын робот-полицейдің жеті көзі, яғни камерасы бар.

Билік өкілдерінің айтуынша, осындай 2 құлтемір қыркүйек айында жұмысқа кіріскен. Сақшы роботтар «мотоциклді жолға қоймаңыз», «жаяу жүргіншіге жол беріңіз» деген сияқты ескертулерді дауыстап айтып жүреді. Сондай-ақ «Хавьер» рұқсат етілмеген орында темекі шекпеу және арақашықтық сақтау, көп адам жиналмау туралы, коронавирус талаптарының сақталуын да бақылайды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, алдағы уақытта робот-полицейдің саны көбеюі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар