10 қазан сағат 7:30-да Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс а/о, № 28349 ә/б әскери бөлімнің аумағында жарылыс (хлопок) болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери бөлімнің аумағында адамдар болмаған және зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және облыс әкімдігінің мамандары оқиға орнында. Жағдай облыс басшылығының бақылауында.