• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қазан, 2021

Боливияда министрлік қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады

211 рет
көрсетілді

Ел президенті Луис Арсе Боливия Әуе-қорғаныс күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, алты адамның мерт болғандығы жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Алты адам мерт болған Пандодағы әуе апаты жаға ұстатарлық жағдай. Жауапты органдарға әуе апатының себебін анықтауды тапсырдық»,  деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар Луис Арсе қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

ТАСС хабарлауынша, ұшақ бортында болған Боливия Денсаулық сақтау министрлігінің 4 қызметкері мен екі ұшқыш қаза тапқан.