• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қазан, 2021

Петропавлда биыл 700 жер үй сүріледі

416 рет
көрсетілді

Биыл Петропавлда жоспар бойынша 700 жеке тұрғын үй сүрілуі тиіс. Жер учаскелері мемлекеттік қажеттілік үшін алынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін аппарат кеңесінде тұрғын үйлерді бұзу бойынша жоспарланған жұмыстар талқыға түсті. Жыл басынан мемлекеттік қажеттілік үшін 468 жер учаскесі және жылжымайтын мүлік иеліктен шығарылды. Жалпы биыл барлығы 700 тұрғын үйді бұзу жоспарланған. Сүріліп жатқан жеке тұрғын үйлердің басым бөлігі ескірген. Олардың бұрынғы иелерінің 90%-ы көпқабатты үйлерден пәтерлер таңдады. Осылайша, 423 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартып отыр.

«Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін «Жас өркен» шағынауданының Горький-Алтынсарин-Позолотин, Горький-Исмайлов-Алтынсарин көшелері шекарасында, «Орталық» шағынауданының Брусиловский-Астана, «Копай» шағынауданының Жұмабаев-Крепостная көшелері шекарасында жеке тұрғын үйлер бұзылады. Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр»,  делінген хабарламада.

Келер жылы Петропавлда бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Жеке тұрғын үйлер құрылысты жандандыру үшін «Жас өркен», «Орталық», «Копай», «Береке» шағынаудандарында жалғасады.