Медальдар қоржыны
(12 ақпанға дейінгі мәлімет)Орын
Мемлекет аты
Алтын
Күміс
Қола
Жиыны
1
Норвегия
4
3
4
11
2
Канада
4
3
2
9
3
Германия
4
1
0
5
4
Голландия
3
2
3
8
5
АҚШ
2
1
4
7
6
Швейцария
2
0
0
2
7
Ресей
1
3
3
7
8
Австрия
1
3
0
4
9
Франция
1
0
2
3
10
Беларусь
1
0
0
1
10
Оңтүстік Корея
1
0
0
1
10
Польша
1
0
0
1
10
Словакия
1
0
0
1
14
Швеция
0
3
1
4
15
Чехия
0
2
1
3
16
Словения
0
1
2
3
17
Италия
0
1
1
2
17
Жапония
0
1
1
2
19
Қытай
0
1
0
1
19
Финляндия
0
1
0
1
21
Ұлыбритания
0
0
1
1
21
Украина
0
0
1
1
ӘР КӨЛДІҢ ӨЗ ДУАДАҒЫ БАР Егер осы күні сайысқа сайланып шыққан сарбаздарымыздың бәрінен жоғары нәтиже күткенімізді айтсақ, онымыз шылғи өтірік болып шығар еді. Ақиқаты керек, әр көлдің өзі қонар дуадағы болады. Оны біз де пайымдай аламыз. Сондықтан атам қазақтың «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деген нақылын жиі қаперімізге кіргізіп қоямыз. Біздің жігіттер де солай әліне қарай шапты, бағына қарай тапты. Олардан екі могулшымыз – Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхердтен күткен көрсеткішті дәметкен жоқпыз. Юлия демекші, бұл қызымыз қайсыбір күні айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұрған төрешілер тарапынан тартқан дәккісінің дүмпуімен өзінің спортты тастайтынын жайып салыпты. Біз оның мұнысын ашумен айтқан албырт сөз шығар деп, алау көңілімізді алдарқатып отырмыз. Әйтпесе, 21-ге жаңа келген бұл өрендерге өреден қолын созатын өскелең биіктер әлі алда қол бұлғайтындай. Әзірге біздің бағландардың бағындырған биігі осылайша бесінші орын болып отыр. Тағы екі саңлағымыз жетінші орыннан тізгін тартты. Бұлардың біріншісі Юлия болса, екіншісі конькиші Роман Кречтің еншісіне жазылды. Адалын айтуымыз керек, осы күні «Адлер-Арена» төрінде 500 метрлік қашықтықта атой салған бұл жігітіміз нағыз ерлерге тән қылық танытты. Квалификацияда жетінші орыннан көрінген ол қорытындысында да осы орынды ұстап қалды. Ал тұғыр түгелдей тағы голландиялық ұшқырлардың қанжығаларында кетті. Тек соңғы сәттерде өзара орын ауыстырып алғандары болмаса, алдыңғы екі медальдің тағдыры тез шешілді. Мұнда бұған дейін ұдайы бірінші болып келген Ян Смеекенс соңында екінші болып қалды. Оның орнын Михел Мюлдер басты. Үшінші орынға іріктеу сынағын алтыншы болып аяқтаған Роналд Мюлдер орналасты. Осындай алыптардың айналасынан табылған Романды да біз енді осал көрмедік. Себебі, ол өз мүмкіндігінің шегіне дейін барын салды. Осылай саңлақтарымыздың шамасын білгендіктен шығар, ерлердің 12,5 шақырымдық қашықтықтағы спринттік биатлонында 29-шы тепкішектен табылған Ян Савитскийдің хабарын алғаш естіген журналист Ардақ Тоғымов мұны бірден жап-жақсы жетістікке балады. Шынында да дүниенің төрт бұрышынан кілең ығай мен сығай жиылған жаһандық жарыста алғашқы отыздықтың ішіне ілігудің өзі оңай шаруа болмаса керек. Ал онымен қабат түскен Сергей Наумик осының алдындағы мәресінің межесінен табылып, 58-орынға табан тіреді. Ал бұл жолы жүлделі үштікті екі француз және бір чех спортшысы құрады. Атап айтқанда, Олимпиада алтынын француз Мартен Фуркад алса, қола медальға оның отандасы Жан-Гийом Беатрикс қол созды. Күміс медаль осылардың ортасындағы ежелгі Моравия жерінен шыққан Ондржей Моравецке бұйырды. Сөйтіп, чех жігіті осының алдындағы 10 шақырымдық биатлонда қола медаль алған отандасынан бір белес биікке кетті. Жоғарыдағы үштік, сонымен бірге, алдыңғы сайыстың алтын жүлдегері норвег Оле-Эйнар Бьорндаленді награда шегінен бір саты сыртқа шығарып жіберді. Бұл күнгі жарыстардың басын шорт-трек бойынша сынға түсушілер бастап еді. Онда канадалық Шарль Амлен алдына жан салмады. Екінші орынға қытай Тянью Хань орнығып, өз еліне әзірге бірінші және соңғы марапатты алып берсе, ресейлік Виктор Ан өз құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды. Жалпы саны 36 саңлақ қырманына қиқу қосқан бұл бәйгеде біздің Айдар Бекжанов – 29-шы, ал Денис Никиша 31-ші нәтиже көрсетті. Бұл күні бір жарыс аяқталмай қалды. Дәлірегі, әйелдердің шана спорты бойынша жарысының алғашқы екі кезеңі ғана ойналды. Оның соңғы үшінші және төртінші жүгірістері кеше түнде жасалды. Әдепкі күннің екі сынағы негізінде 29-орынға қоныс тепкен Екатерина Аксенова атты қызымыздан да енді табыс күте алмасақ керек. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан» – Сочиден.