Шымкентте көркем гимнастикадан жекелей сын бойынша Қазақстан біріншілігі аяқталып, жеңімпаздар есімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шығыршықпен жаттығудан шымкенттік Баян Қойбағар топ жарды. Ол 22,250 ұпай жинаған. Доппен жаттығуда елордалық Ділназ Байленова 21,700 ұпаймен жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Баян ұршықпен жаттығудан (22,850), Ділназ таспамен жаттығудан (18,750) бірінші орын иеленді.
Үш шығыршы және екі жұп ұршықпен жаттығудан Нұр-Сұлтан командасы тұғыр биігіне көтерілді. Бес доппен жаттығуда да елордалықтар көш басында.