Желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай баррелі 2018 жылдың қазанынан бері алғаш рет 84 доллардан асты.
Лондон биржасындағы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен 16.05-тегі жағдай бойынша, ICE маркалы мұнай желтоқсан айында жеткізілетін фьючерс келісімдерінің бағасы 2,088 пайызға жоғарылап, 84,110 долларға жеткен.
WTI маркасы 2,583 пайызға қымбаттап, баррелі 81,4 долларға өсті.