• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қазан, 2021

«Ақ Барсты» жеңу қиын

196 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Нұр-Сұлтанның «Ба­рысы» Қазанның «Ақ Барсын» қа­былдады. Өкінішке қарай, бұл бә­секе қонақтардың пайдасына шешілді

Осының алдында ғана өз мұз айдынында өткізген екі кездесуде Омбының «Авангард» (1:0) және Санкт-Петербургтің СКА (3:0) клубтарын қапы қалдырып, жанкүйерлерін қуантқан жерлестеріміздің бұл жолы «Ақ Барсқа» әлі жетпеді. Бірінші кезең басталған бетте Кристиан Хенкель мен Дмитрий Кагарлицкий қатарынан екі рет нысананы дәл көздеп, татарстандық команданы алға шығарды. 6-минутта Якоб Берглунд есеп айырмашылығын қысқартты. Сол кезде бас-аяғы бір минут аралығында жылдам соғылған екі шайбаны кездейсоқтыққа балап та үлгердік. Бірақ мұнымыз бекер екен. Одан кейін Николай Коваленко (24-минут), Кирилл Панюков (28-минут), Данис Зарипов (32-минут) бір-бір мәрте мергендік танытса, Кагарлицкий (39-минут) дубль авторы атанды. «Барыстың» ойыншылары арасынан тек Валерий Орехов (31-минут) пен Егор Шалапов (41-минут) гол соғуға жарады. Нәтижесінде, 3:6 есебімен айдын иелері жеңіліс тапты.

Өзінің келесі кездесуін «Барыс» 13 қазанда сыртта «Авангардпен» өткізеді.