Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев, сенаторлар Владимир Бобров, Ермек Жұмабаев, Асхат Күзеков және Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев Павлодар облысында болды.
Парламент депутаттарының сапары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру жұмыстарына арналды. Депутаттар Павлодарда «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамында болып, еңбек ұжымымен кездесті.
Парламентшілер, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауындағы және «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде айтылған тапсырмалары қаралған «Нұр Отан» партиясының қалалық конференциясына қатысты. Жоғарғы палата Төрағасының орынбасары өз сөзінде Президенттің халыққа Жолдауындағы міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жоспармен таныстырды.
Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік істері бойынша комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков бастаған депутаттар тобы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясында болып қайтты.
Әскери училищенің оқытушылар құрамы мен курсанттары алдында сенаторлар Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттап сөз сөйледі. Президент Жолдауы институты жыл сайын еліміздің жаңа тарихын ашатын саяси дәстүрге айналғандығы атап өтілді.
Парламент Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының ережелерін түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында болды.
Аймақтағы жергілікті атқарушы және өкілді билік өкілдерімен кездесуде депутат Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етті. Т.Абайділдин Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарында қазақстандықтар туралы қамқорлыққа, олардың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударылғанын атап өтті.
Сенатор Елеусін Сағындықов аймақтарға депутаттық сапары аясында Ақтөбе облысындағы Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандарында болды.
Сенатор аймақтағы әлеуметтік нысандарды аралап, Индустриялық-педагогикалық техникумдағы өнеркәсіп үдерістерімен танысты және ауыл еңбеккерлерімен кездесті. Еңбек ұжымдарымен жүздесу барысында Е.Сағындықов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.
Парламент Сенатының депутаттары Светлана Жалмағамбетова мен Жабал Ерғалиев Көкшетау қаласы әкімінің халыққа кезекті есеп беруіне қатысты.
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрындағы жұртшылық және жастар өкілдерімен кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысы Жолдауының тарихи маңызы болды. «Мәңгілік Ел туралы Елбасы 2013 жылғы Жолдауда алғаш рет айтқан болатын. Ал бұл жолғы Жолдауда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаев келешекте оған қол жеткізудегі бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндетімізді көрсетті», деп атап өтті сенаторлар.
Сенатор Сергей Плотников Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру жұмыстарына атсалысты.
Депутат Шығыс Қазақстандағы Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесті. С.Плотников сапары аясында облыс әкімі, «Бәйтерек» холдингінің басшылары мен өңір кәсіпкерлері қатысқан отырысқа, сондай-ақ, Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің Шығыс Қазақстан ассоциациясы директорлар кеңесінің көшпелі отырысына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Парламент Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Ұласбек Сәдібеков Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында профессор-оқытушылар құрамымен және студент жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының ел дамуындағы маңыздылығы айтылып, Жолдау жан-жақты түсіндіріліп, талқыланып, насихатталды.
Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина Астана қаласының кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің студенттерімен кездесті.
Жастармен жүзесуде «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай партия доктринасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мәдинов Петропавл қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдады.
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының ел дамуындағы маңыздылығына тоқталған депутат, Жолдауды жан-жақты түсіндіріп, насихаттады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысында, мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілдері бірқатар түйінді мәселелер мен ұсыныстарды айтты.
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов «Нұр Отан» партиясының Павлодар облысындағы Баянауыл аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мемлекет пен қоғам дамуының негізгі басым бағыттары жөнінде әңгіме болды.
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова Ақмола облыстық «Медиа-орталығында» облыстық ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының қолдауымен «Ұлт бағамы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен және «Қазақстан – Көкшетау» телеарнасының журналистерімен кездесті.
Кездесудің басты тақырыбы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, насихаттау болды. Депутат жиналғандарға Жолдауда көрсетілген мемлекет пен қоғам дамуының негізгі басым бағыттары жөнінде баяндады.
Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исімбаева Алматы қаласының Алатау ауданындағы Өжет шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ол Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мемлекет пен қоғам дамуының негізгі басым бағыттары жөнінде түсіндіріп берді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.