• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қазан, 2021

Баспанамен қамтамасыз етуде жоғары көрсеткішке жеткен өңірлер қайсы?

118 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоғары көрсеткішке жеткен өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 8%-ды құрады. Оң динамика 14 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда», деген Әсет Ерғалиев ауыл шаруашылығында жақсы нәтиже көрсеткен өңірлерге тоқталды.

«Ауыл шаруашылығында өсім 1,4%-ды құрады. Саладағы өндірістің оң өсуі 14 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары көрсетті», деді министр.